ТЖД астаналықтарға үндеу жасады

ТЖД астаналықтарға үндеу жасады news.myseldon.com

ТЖД астаналықтардан қырағылық танытып, сақтық шараларын сақтауларын сұрады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді. Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 158 маманы мен 33 бірлік техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен «Астана орманы» мекемесінің техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы тартылды. Өрт сөндіру штабы құрылды», - деп атап өтеді аталған департаменттің баспасөз қызметінен.



Ведомство мәліметінше, тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.



«Құрметті тұрғындар, сізден қырағылық танытып, келесі сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз: ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз; егер сіз сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс; түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз», - деп ескертеді ведомстводан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12