Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынады

Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынады Сурет: Түркістан қалалық әкімдігі

Негізгі мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту.


Түркістанның мәдени-рухани орталығында қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.


Қазіргі жоспарға сәйкес, кешенде ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын және қолөнер технологиясын оқытатын ірі шеберхана салынады.



"Жаңа жоба Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен басқосуда талқыланды. Қолөнершілер қалашығының жалпы аумағы – 9 мың шаршы метр. Бұл жоба әлі де терең талқыланып, тиісті шешім қабылданады", - дейді әкімдік мамандары.



Сондай-ақ, жаңа қалашықта қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Көрме немесе Showroom орналасады. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту шаралары да жоспарланып отыр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37