Сүт сататындардың 70 %-і табысынан айырылуы мүмкін

Сүт сататындардың  70 %-і табысынан айырылуы мүмкін Сурет: News.milkbranch.ru

Нәпақасын сүттен тауып жүрген табатын ауыл тұрғындарына қиын болмақ.


Әсіресе еліміздің солтүстік өңірлеріндегі сүт өңдеушілер өндірісті қысқартуға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz хабарлауынша, Сенат депутаты Закиржан Кузиев өзінің депутаттық сауалында осылай деді. Сенатордың айтуынша, шағын шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтар мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалып келген. Дегенмен мүйізді ірі қараның 85%-тен астамы және елімізде өндірілген барлық сүттің 88% солардың қолында.


Ал 2025 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енеді. Жағдай содан кейін тіпті ушығып кетуі мүмкін деп отыр. Өйткені жаңа ережеде шикі сүтке қойылатын талаптар күшейтіледі. Яғни, барлығы автоматтандырылған жұмысқа көшуі қажет болады. Алайда шағын шаруа қожалықтары мұндай жағдайды қамтамасыз ете алмайды. Ол үшін осы саладағы шаруаларға несие беру және сервистік-сатып алу орталықтарын құру қажет. 



«Шикі сүтті  өңдеу кәсіпорындарына Техникалық регламентке сәйкес жеткізудің мүмкіндігі жоқ. Шикізат тапшылығына байланысты қайта өңдеу кәсіпорындарының өндіріс қуаты 40%-ке дейін азаяды. Сүт зауыттарының 90%-і жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Оның талаптары күшіне енгеннен кейін бүгінде сүт сатудан табыс табатын ауыл тұрғындарының 70%-і тұрақты табыс көзінен айырылу қаупі туындап отыр», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Закиржан Кузиев.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12