Төтенше жағдай кезінде және одан кейін қазақстандықтар қандай мобильді қосымшаларды пайдаланды?

Төтенше жағдай кезінде және одан кейін қазақстандықтар қандай мобильді қосымшаларды пайдаланды? Сурет:360tv.ru

Қаңтар айының басында елдегі наразылықтар мен тәртіпсіздіктер кезінде мобильді интернет пен мессенджерлердің жұмысы нашарлап, кейіннен интернет үзіліп қалды.


Finprom.kz тобы жағдайды талдап, қазақстандықтар арасында төтенше жағдай кезінде және одан кейін қандай мобильді қосымшалар сұранысқа ие болғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Төтенше жағдай режимі кезінде және одан кейінгі жағдайға шолу


Тіпті Telegram, WhatsApp және Signal сияқты негізгі мессенджерлер де жұмыс істемеді. Еске сала кетсек, елде 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін төтенше жағдай (ТЖ) енгізілген болатын.


Google Play Store дүкенінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасындағы ТОП-5 қосымшаның қатарына мыналар кірді:



  • «Secure VPN – Қауіпсіз, жылдамырақ»;

  • «Thunder VPN: Жылдамырақ VPN»;

  • «VPN Proxy Master – VPN-нен жылдамырақ»;

  • «Video Downloader, Бейнені жүктеу»;

  • «X-VPN –VPN жеке браузер».


Бұлардың барлығы «құралдар» санатындағы қолданбалар және біреуінен басқасы VPN (Виртуалды жеке желі) технологиясымен ұсынылған. VPN — жергілікті шектеулерді айналып өтіп, құпиялылықты сақтай алатын қауіпсіз, шифрланған қосымша. Қазақстан Республикасының тұрғындары бұғаттауды айналып өтіп, әлеуметтік желілерге кіру және жедел мессенджерлерді пайдалану үшін осы жүйелерді пайдаланды.


Маңызды жайт: елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін қазақстандықтардың қалауы айтарлықтай өзгерді. Сонымен, 2022 жылдың 21 қаңтарындағы жағдай бойынша ТОП-5 қосымша қатарына мыналар кірді:



  • ZOOM Cloud Meetings («бизнес» санатындағы);

  • MOON - Current Moon Phase («ауа райы» санатындағы);

  • Telegram («байланыс» санатында);

  • Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің eGov mobile қолданбасы;

  • Triple A (ойын-сауық санатындағы).


Еске сала кетсек, 2022 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі аяқталды. Байланыс пен интернет үзіліссіз тұрақты режимде жұмыс істеп тұр.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12