«Самұрық-Қазынаның» 55 қызметкері жұмыстан босатылды

«Самұрық-Қазынаның» 55 қызметкері жұмыстан босатылды Сурет: Іnform.kz

Олар мемлекеттік сатып алуға жауапты болған.


Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, «Самұрық-Қазына» жұмысшылары полиграфта тексеру арқылы іріктелмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Біз сатып алу мәселесіне жетекшілік ететін басшыларды атқаратын лауазымдарынан босату бойынша күрделі шаралар жүргіздік. 55 адам босатылды, заңнамаға сәйкес, бұл жұмыс жалғасып жатыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.



Сондай-ақ, ол қор қызметкерлерінің арасындағы жемқорлықты жою бағытында қандай жоспары бар екенін ашып айтты.



«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін табиғи жолмен азайтуға жол ашатын персоналды іріктеу және жалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, барлық үміткерлердің лауазымға сәйкестігін айқындау, психологиялық профайлинг, қызметкерлердің жыл сайынғы ротациясы, полиграфта тексеру жүргізіледі», - деді қордың басқарма төрағасы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12