Невадо-дель-Руис оянды

Невадо-дель-Руис оянды Сурет: pixabay

Әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі – Невадо-дель-Руис оянды


Колумбияда Невадо-дель-Руис жанартауының оянуына байланысты қауіпті ескертудің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жанартау маңайында 180 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Невадо-дель-Руистің сейсмикалық қаупі жанартаудың оңтүстік-батыс секторында 2-ден 4 шақырымға дейін және кратерден 1,7-ден 6 шақырымға дейінгі қашықтыққа таралды.



Бұл вулкан арналары ішіндегі сұйықтықтардың қозғалысына байланысты. Бірнеше рет күл атқылады, бұл жанартауды бақылауға қолданылатын веб-камералар арқылы расталды.  Elespectador басылымының хабарлауынша, қызғылт сары деңгейдегі қауіп алдыңғы күндермен салыстырғанда өзгеріп, төмендеуі мүмкін, бірақ бұл оның белсенділіктің төменгі деңгейіне жетті деген сөз емес.








































































Колумбия геологиялық қызметінің (SGC) сарапшыларының мәлімдеуінше, қауіп деңгейі өзгеріп, сары спектрге оралуы үшін уақыт қажет. Сондықтан Невадо-дель-Руистің қауіп деңгейі бірнеше апта бойы қызғылт сары болып тұрмақ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37