Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Сурет: Gov.kz

Тарихи отанға оралған қандастардың негізгі дені Алматы облысына табан тіреген. 


2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден.


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.


Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,3%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы жоғары білімді, 39,9%-ы орта кәсіби білімді, 36,7%-ы жалпы орта білімді және 4,8%-ының білімі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09