Найзағайдан бір үйір жылқы қырылды

Найзағайдан  бір  үйір жылқы қырылды Сурет: Ашық дереккөз

Тереңөзек ауылының маңында найзағай түсіп, бір үйір жылқы қырылып қалды, деп хабарлайды Almaty -akshamy. kz 24.kz-ke сілтеме жасап. 



Бұл Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы таулы аймақ. Жұртшылық енді ақадал малының ақысын кімнен өндірерін білмей дал. Бұған заң қалай қарайды? Мамандар не дейді? Нұрболат Мырзақұлов 20 жылдан бері бақша егіп мал шаруашылығымен айналысады.  Шаруа осыдан 2 жыл бұрын 3,5 миллион теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиеге жылқы сатып алады. Бірақ оқыс оқиғадан 10 жылқысы өліп, қорасы қаңырап қалды. Шаруа мұндай жағдайдың аймақта алғаш рет болғанын айтады. 
Нұрболатпен қоса ауылдағы 7 үйдің 26 бас жылқысын найзағай сұлатып түсіріген. Өлген малдың құнын кімнен дауларын білмей басы қатқан тұрғындар аудан әкімдігінен көмек сұрап отыр.
«Бәріміздің қарап отырғанымыз бір мал басы одан басқа түгіміз жоқ енді шыны керек. Бруцеллез болса ауру шықса малға, оған аудан әкімшілігі төлеуші еді. Сондай көмек бола ма деген ниетпен. Сол өтемақы сол көмек бізге өте қажет болып тұр»,  - дейді  Тереңөзек ауылының тұрғыны  Жандархан Мамытбеков.
Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, ресми төтенше жағдай жарияланған жағдайда және мал арасында жаппай ауру тараған кезде, шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Ал қазіргідей сирек жағдай терең зерделеуді қажет етеді дейді. 
«Дәл осы орын алған жағдайға сәйкес. Ол қаншалықты, қалай іске асу керек? Ол үшін арнайы аудан әкімінің тапсырмасымен комиссия құрылған. Комиссия құрамына құзырлы органдар мен заңгер мамандар енгізіліп отыр. Қазір зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында»,  - дейді  Т. Рысқұлов ауданы  әкімінің орынбасары Әлібек  Терлікбаев.
Қазір ауылдық әкімдік пен ветеринарлардан құрылған арнайы жасақ, қандай да бір ауру тарамау үшін өлекселерді сол тау шатқалында көміп жатыр. Себебі жылқылар жайылған биіктікке көлікпен жету мүмкін емес. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12