Мұғалім болудан бұрын жас түлектер тестілеуден өтеді

Мұғалім болудан бұрын жас түлектер тестілеуден өтеді Сурет: Zhanaqorgan-tynysy.kz

Балалармен жұмыс істей білу өте маңызды.


Ұстаз мамандығын таңдап алған жастар арнайы білім туралы дипломы болғанымен, жұмысқа бірден орналаса алмайды. Олар алдымен тәуелсіз тестілеуден өту керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Білім саласына енгізілген өзгертулер туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.



«Педагогикалық бағытта білім беретін жоғары оқу орындарының түлектері үшін міндетті тестілеу енгізілді. Енді дайындығы нашар үміткерлер мұғалім болып жұмысқа орналаса алмайды. Яғни педагогикалық білім туралы дипломның болуы енді жұмысқа бірден орналасуға кепілдік бермейді. Балалармен жұмыс істей білу өте маңызды және жауапты міндет болғандықтан, алдымен тәуелсіз тестілеуден өту керек. Мұндай сыртқы емтиханды 2021 жылы шамамен 40 мың түлек тапсырды. Олардың ішінде шекті балл жинағандар ғана мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Енгізілген бұл жаңашылдық жоғары оқу орындары жұмысының сапасын да көрсетті. 36 университет осы мамандық бойынша дайындау лицензиясынан айырылды», - деп жазды министр.



Сонымен қатар министр педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары әзірленгенін хабарлады. 



«Бұдан былай директорлардың өз қалауы бойынша мұғалімдерді өзі жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Енді нақты критерийлер белгіленіп, мұғалімдер жұмысқа қызметінің нәтижесі мен жетістіктері негізінде конкурс арқылы орналасады. Биыл бұл рәсім цифрлық форматқа көшіріледі», - деп хабарлады Асхат Аймағамбетов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:38

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02