«Мырза» немесе «Құралай» амалы

«Мырза» немесе «Құралай» амалы

*Қазақы пайым


 


Амал кезінде еліктер лақтап, арқарлар бұзаулайды. Осы  уақытта үш-төрт күнге созылған суық жүреді,  содан кейін ресми түрде жаз кіреді


 


Өткен жолы пайымымызда айтқанымыздай,  маусым айы басталғалы  күн көзі жылынды. Тіпті,  жантөзгісіз  шіліңгір ыстық та көрініс берді. Аракідік өткінші жаңбыр жауып, ыстықтың бетін қайтарып тұрды. Қазақта «Үркер суға түссе – құт, жерге түссе – жұт» деген мақал бар. Әрине, оның бетін ары қылсын. Дегенмен, аспан денелерінің қазіргі қозғалысына, ауа райының құбылуына қарағанда Үркер биыл жерге түскен сияқты…


Осы маусымның 10-ынан бастап «Мырза» деп аталатын амал жүреді. Ол айдың 15 жаңасына дейін жалғасатын амал. «Қыркүйек» амалының сыңары, мырза деген мағынада. Амал кезінде еліктер лақтайтындықтан, құралай деген аты да бар. Еліктермен қатар арқарлар бұзаулайды (қозылайды). Ауа райының айдың өзге апталарынан ерекшелігі: бұл кезде үш-төрт күнге созылған суық жүреді, осыдан кейін ресми түрде жаз кіреді.


Елік – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануар. 3 түр-тармағы (Еуропа, Сібір, Маньчжур) таралған. Қазақстанда Сібір түр-тармағы кездеседі. Талас, Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Батыс және Орталық Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тарбағатайда  және Оңтүстік Алтайда ұшырасады.



Жеміс-жидек, мүк, қына және шөптесін өсімдіктердің жүзге жуық түрімен қоректенеді. Жазда жеке-жеке, ал басқа кезде топталып жүреді. Бір жарым жасында лақтайды. 1-2, кейде 3 лақтан туады. Лақтарын 6–8 ай сүтімен қоректендіреді. Ешкісі 11-12, текесі 16 жылдай тіршілік етеді. Еті мен терісі үшін арнайы рұқсатпен ауланады. Кәсіптік маңызы бар (Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).



Амал кезіндегі әдет-ғұрып: түйелер бұл кезде ағаш жапырағын жегенде байқаусызда жапырақ астындағы «алакүлік» деген құртты жеп қояды да, жардай болып семіріп жүріп-тұруы қиындайды, кейде өліп те қалады. Сол үшін малшылар бұл кезде түйелерді алакүлік құрты қонбайтын төменірек жерге бағады.


Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, маусымның – 8-і, ай есебімен – 19-ы. Ал қазақы жүйеге салсақ, маусымның – 6-сы. Демек, алдағы апта айдың басы мен ортасын қамтып тұр. Аспан денелерінің қозғалысына қарағанда, жауын-шашын жиі көрініс беретін сыңайлы. Бірақ жылылық төмендемейтін секілді.


 



БАБАЛАР  БОЛЖАМЫ


Табиғат құбылыстарына қарап жасалған жорамал:


 *Күн кенет ысып кетсе, ұзамай жауын жауады.


*Құйын көп болса, қыс аязды болады.


*Найзағайлы болса, қыс жайлы болады.


*Аңызақ ыстық болса, қыстағы қатты аяздың белгісі.


*Жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық болады.


*Бұлт желге қарай көшсе, ұзамай жаңбыр жауады.


 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12