Министр медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы айтты

Министр медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы айтты сурет: Zdrav.expert

Қазақстандықтардың барлық анализдері егов-тың ішінде болады


Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруда ақаулар бар. Бірақ жалпы ақпараттық жүйлер жаман емес. Елордадағы медициналық мекемелерді аралаған Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Платформалардың жұмысын тексерген министр бірқатар кемшіліктерді байқап, жүйені жетілдіру керектігіне тоқталды. Бағдат Мусин ақпараттық жүйелер арасында интеграция жүргізу керек дейді. Жалпы Денсаулық сақтау министрлігіне бағынысты мекемелердің ішінде 47 ақпарарттық жүйе бар. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелер. Цифрлық даму министрлігі соның ішінде керек керек емесін іріктеп, екеуін ғана қалдырмақ. Мусинның айтуынша, бұған 1,5 жылдай уақыт кетеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта қазақстандықтардың барлық анализдері егов-тың ішінде болады. 



«Егов денсаулық деген болады. Сол егов денсаулық дегеннің ішінде барлық адамның тапсырылған анализдері соның ішінде болады. Бұл бірінші. Екіншісі рецепттері болады. Қандай дәрі жазды дәрігер соны түгел егов денсаулық деген модуль болады егов мобайлдың ішінде барлық медициналық жүйемен қарым қатынас соның ішіне жазылып тұрады», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12