«МЫҢ БАЛА» 5 мыңға жетті

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

«МЫҢ БАЛА» 5 мыңға жетті Сурет: ашық дереккөз

5 мың ауыл оқушысы «Мың бала» республикалық олимпиадасының екінші турына қатысады,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.


Биыл кешенді тестілеу тек 6 сынып оқушыларына арналған. Олимпиада математикалық сауаттылық, жаратылыстану, қазақ, орыс және ағылшын тілі секілді бірнеше пән бойынша жүргізіледі. Байқау жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқи алады. Сондай-ақ, тест аяқталғаннан кейін әрбір қатысушыға «Бірге оқы» онлайн-мектебіне кіру мүмкіндігі беріледі. Бұл олимпиада осымен төртінші жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына сапалы білім алуға мүмкіндік беріп келеді. Бірінші тур 3-7 сәуір аралығында өтті, оған 81 мың оқушы қатысқан. Нәтижелер 10 мамырға дейін жарияланады.



 - Ең жоғары балл алған 1000 баланы таңдаймыз да олимпиаданың аты мың бала ғой. Сол үшін. Сол мың балаға мамандандырылған мектептерге конкурстан тыс квота бойынша түсуге мүмкіндік бар. Ол мамырдың аяғында түсу басталады. Қалаған мектепке өтініш беруге болады, - дейді «Мың бала» зияткерлік олимпиадасының үйлестірушісі Айжан Аршабаева.



Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение