Қазақстан мен Кувейт арасындағы қатынастар нығаяды

Қазақстан мен Кувейт арасындағы қатынастар нығаяды Сурет: Egemen.kz

Кувейт пен Қазақстан қазіргі таңда өзара құрмет пен тиімділік ұстанымдарына негізделген көпқырлы сыртқы саясат жүргізіп келеді.


Биыл дамудың даңғыл жолына түскен Ислам елдерінің бірі Кувейт пен Қазақстанның дипломатиялық қатынастардың орнағанына отыз жыл толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


«Елдестірмек елшіден» демекші, екіжақты байланыс орнатып, барлық деңгейдегі қарым-қатынасты жолға қоюға қызмет жүрген Кувейттің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, доктор Омар әл-Кандари екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың одан арғы келешегіне қатысты ойымен бөліскен еді.



«Кувейт пен Қазақстан арасындағы ортақ рухани құндылықтар, сондай-ақ стратегиялық серіктестікке негізделген қарым қатынастар бірлескен күш-жігердің арқасында дәйекті түрде дами беретініне сенімдімін. Жалпы Кувейт пен Қазақстанды дипломатиялық қатынастар ғана емес, тарихи және діни қатынастар да байланыстырады. Егер жалпы қазақ-араб қатынастарын алсақ, онда көптеген ислам ғалымдары осы аймақтан, мысалы, Әл-Фараби және басқалары шыққанын атап өтуге болады. Сондай-ақ Сұлтан Бейбарыс бізді саяси және әскери салада байланыстырады, өйткені ол Египеттің билеушісі әрі әскери жетекшісі болды», - дейді елші.



Былтырғы 24 наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Кувейт мемлекетіне іссапары Кувейт-Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастық мәселелерін тағы бір деңгейге көтергені анық. Іссапар барысында бірлескен комитеттің 3 отырысы ұйымдастырылды. Келесі  төртінші басқосу жақында Кувейт мемлекетінде өтеді.


Кувейт мемлекеті өңірлік ұйымдар шеңберінде, әсіресе, Орталық Азия Стратегиялық диалогы (GR5) және Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі (ПШЕЫК) шеңберінде Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді.


Оның үстіне, Кувейт мемлекеті Қазақстан Республикасы төрағалығының қолдауымен 2022 жылғы қазанда АӨСШК конференциясының алтыншы саммиті барысында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске толыққанды мүше ретінде қосылды. Бұл туралы «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне Кувейт елінің 28-ші мүше мемлекет ретінде кіруін құптаймын. Бұл АӨСШК өзектілігін және Азиядағы диалог пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін тағы бір рет көрсетті», деген болатын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VI саммитінің ашылуында.


Сонымен қатар Кувейт мемлекеті екі ел арасындағы инвестициялық және туристік ынтымақтастықты жандандыруға ерекше назар аударады. Осыған байланысты Кувейт пен Алматы қаласы арасында тікелей рейстер қатынайды, ал Астанада Кувейт Елшілігі ашылған сәттен бастап Кувейт мемлекетінен Қазақстан Республикасына келетін туристердің саны артқаны байқалады.



«Мәдениет саласында Астана Опера өкілдерінің Кувейт мемлекетіне барған сапарын атап өту қажет, онда олар Кувейт халқын қазақ мәдениетімен етене жақын таныстырды. Әлбетте, Кувейттің ұлттық мәдени кеңесі Қазақстанмен осы саладағы қарым-қатынасын нығайтуға ниетті. Оның үстіне білім саласы да назардан тыс қалмады. Елшілік деңгейінде біз жергілікті университеттермен қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Мысалы, бұрынғы Елші Тарек әл-Фарадждың кезінде КАЗГюУ-да «Кувейт мемлекеті» аудиториясы ашылды, биыл біз ол жерге Кувейт мәдениеті туралы жазылған кітаптарды тарту еттік. Еуразия ұлттық университетімен байланысымыз тығыз. Дүниежүзілік араб тілі күнін атап өтеміз, мәдени іс-шаралар ұйымдастырамыз», - деді Кувейттің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, доктор Омар әл-Кандари. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27