Қазақстандық компаниялар Иранға $60 млн-ға өнім экспорттауға келісім жасасты

Қазақстандық компаниялар Иранға $60 млн-ға өнім экспорттауға келісім жасасты Сурет: Ашық дереккөз

2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $528 млн-ды құрады


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Иран Ислам Республикасына ресми сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Тегеранда еліміздің үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы ұйымдастырған шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, азық-түлік, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия тауарларын өндіретін қазақстандық 20 компанияның, екі елдің бірлескен Сауда палатасының, Иранның Сауда-өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палатасының өкілдері, сондай-ақ ирандық тараптан 150-ден астам компания өкілдері қатысты.


Іскерлік кездесулер нәтижесінде Қазақстаннан Иранға тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал етін жеткізу бойынша $60 млн-нан астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.


ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, 2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $528 млн-ды құрады, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары. Бұл ретте қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға жеткізілімдерді одан әрі арттыруға дайын.


Сауда-экономикалық миссия аясында ирандық компаниялар қазақстандық фосфатты тыңайтқыштар, ферроқорытпалар және азық-түлік өнімдерін өндірушілерге жоғары қызығушылық танытты. Өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39