Мемлекеттік қызмет көрсеуден Қазақстан 198 елдің ішінде 6-орынға тұрақтады

Мемлекеттік қызмет көрсеуден Қазақстан 198 елдің ішінде 6-орынға тұрақтады Сурет: Egemen.kz

Еліміз көшбасшы елдердің «В» тобынан «А» тобына көтерілді.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, GovTech жаһандық серіктестігінің қолдауымен енгізілген Дүниежүзілік Банктің GovTech жетілу индексі (GTMI) саласының негізгі төрт бағытының дамуын бағалайды. Нақты айтқанда, негізгі мемлекеттік жүйе индексі (CGSI), Мемлекеттік қызмет көрсету индексі (PSDI), азаматтарды цифрлық салаға тарту индексі(DCEI) және мемлекеттік технологияларды қолдау индексі (GTEI), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстан 198 ел арасында Мемлекеттік қызмет көрсету индексі (PSD) бойынша 6-шы орынға тұрақтаған. Айта кету керек, 2022 жылғы көрсеткіштер бойынша Қазақстан жетілу индексінде (GTMI) айтарлықтай нәтиже көрсетті. Осылайша жаһандық рейтингте еліміз В тобынан А тобына ауысты. Бұл елдегі GovTech саласының дамып келе жатқанын көрсетеді.


Сондай-ақ бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту бойынша жаһандық рейтингінде (EGDI) 28-орында және жоғары нәтижелі елдер тобына кіреді. Сондай-ақ еліміз онлайн қызметтер саласындағы әлемдік рейтингте де ілгері орында. Онлайн сервистерді ұсыну бойынша еліміз 8 орынды иеленіп, үздік 10 елдің қатарында тұр. Бұл беделді тізімге Эстония, Финляндия, Оңтүстік Корея, Дания, Сингапур, Жаңа Зеландия, Австралия, АҚШ және Жапония сияқты электрондық үкіметтің көшбасшы елдері де кірген.


GovTech – халыққа мемлекеттік қызмет көрсету және билік органдары мен мемлекеттік институттар жұмысының тиімділігін арттыру технологиялары саласы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17