«Медеу» мұз айдынына – 50 жыл

«Медеу» мұз айдынына – 50 жыл Суретті түсірген Қайрат Қонысбай

Алматының ең көрікті әрі көрнекті орындарының бірі – «Медеу» мұз айдынына 28 желтоқсан күні 50 жыл толады.


Бүгін «Медеу» биік таулы спорт кешенінің 50 жылдығына мұз айдыны аумағында салтанатты мереке өтіп жатыр.
Мерекелік іс-шараның алдында Алматы қаласы спорт ғимараттары дирекциясының басшысы Елена Тё, «Медеу» мұз айдыны құрылыс авторларының бірі Борис Яглинский, 1998 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашева және 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Элизабет Тұрсынбаеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


«Медеу» мұз айдынының 50 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырып, бізге жеткен осындай көрнекті орынның тарихын, мұнда орын алған қаншама тарихи оқиғаларды келешек ұрпаққа көрсеткіміз келді. Сондай-ақ, бүгін мерейтойға орай мұз айдынында жас конькишілер арасында ашық жарыс өткіздік. Бұл да бұрыннан келе жатқан дәстүр. 2023-2024 жылдары «Медеу» спорт кешенінде бірнеше халықаралық жарысты өткізуді жоспарлап отырмыз. Осындай шаралардың арқасында «Медеудің» спорттық атағын қайтарамыз деген үміттемін», – деді Алматы қаласы спорт ғимараттары дирекциясының басшысы Елена Тё.
«Медеу» мұз айдынының 50 жылдығына арналған мереке көрнекті қазақ спортшылары мен жаттықтырушыларының шеруімен ашылды. «Ұрпақтан ұрпаққа» аталған кеш ресми ашылған соң Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қала тұрғындарын осынау айтулы мерекемен құттықтады.


«Тек Алматының емес, Қазақстанның көзайымы, туристер мен қала тұрғындарының, жастардың сүйікті демалыс орны – «Медеу» мұз айдынының 50 жылдығымен қала басшылығының атынан құттықтаймын! Жартығасырлық тарихы бар бұл жерде 350-ге жуық әлемдік рекорд орнатылған. Алдағы жылдары «Медеуде» үлкен жөндеу жұмыстары жасалады. Көрнекті орынның тарихи келбеті сақталады, тек инфрақұрылымын жетілдіру жоспарланған», – деді А.Қырықбаев.
Құттықтау алғысөзінен кейін қала тұрғындары мен оңтүстік астана қонақтары алдында әлемге әйгілі спорт шеберлері өнер көрсетті. Атап айтқанда, мұз айдынында өзінің ерекше бағдарламасымен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және II Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетті.
Мереке аясында Анастасия Игнатьеваның дирижерлік етуімен аты аңызға айналған «Мұзды симфония» мұз балеті мен Илья Овербухтың «Жүрек те жанып тұр» гала-шоуы өтті. Сонымен қатар, көрермендер қазақстандық тұңғыш мұз шоуы – «Olumpic Show» қойылымын тамашалады.    
Қазір кешкі концерттің басты жұлдызы ретінде танымал қазақстандық әнші Moldanazar өнер көрсетеді. Шоу барысында түрлі ойын-сауық, интерактивті алаңдары мен тарихи аймақтар жұмыс істеп тұр. Мерекелік шара түрлі-түсті отшашумен аяқталады.
Айта кеткен жөн, 1972 жылы 28 желтоқсан күні Алматыда бүкіл әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдынының ашылуы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12