Белградтағы әлем чепионатына бағыттап отыр

Белградтағы әлем чепионатына бағыттап отыр Сурет: ortcom.kz

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астанадағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандарына қандай міндет жүктеліп отырғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жсап. 



«Кез келген спортшы Олимп шыңын бағындырам, жүлделі орын алам деп дайындалады. Бірақ, тұғырда үш орын ғана бар. Алайда, күрес түрлерінен 4 орын бар (екі үшінші орын – ред.). Әрқайсысы барынша күш-жігерін салып, ел намысын абыроймен қорғап шығады деп ойлаймыз», - деген комитет өкілі ешбір балуанның атын нақты атамады.



Оның пайымынша, қазір балуандардың негізгі назары күзде Сербия астанасында өтетін жарысқа ауып отыр.



«Бұл Азия чемпионатының алдында әр күрес түрінен екі кезеңнен тұратын жаттығу жиындары өткізілді. Сонымен қатар, Әлем чемпионатына да дайындық қарқынды жүріп жатыр. Жаттығу жиындары, жарыстар белгіленген жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Қыркүйек айында Белград (Сербия) өтетін Әлем чемпионаты лицензиялық турнир болып есептеледі. Содан бір апта өткенде Азия ойындары басталады. Сондықтан, жаттықтырушылар басты назарды Әлем чемпионатына бөліп отыр. Өйткені, ол жақта Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынады», - деді Айгүл Бектенова.



Бұған дейін Азия чемпионатында Қазақстан атынан шығатын тәжірибелі балуандар кімдер екені туралы жазған болатынбыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03

17:30

17:02

15:11

14:12

13:35