Небір апаттардың бастауы – тексіздік. «Кассандра таңбасы»

Небір апаттардың бастауы – тексіздік.  «Кассандра таңбасы» Cурет: Almaty-akshamy.kz

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында классик жазушы Ш.Айтматовтың «Кассандра таңбасы» футуристік трагедиясының премьерасы өтті.

 

Спектакль адамзаттың рухсыздану мәселесі отбасылық құндылықтардың қадір-қасиетімен шендестіріле көрсетіледі. Қойылымда Филофей (космостық монах) рөлін Азат Сейтметов сомдады. Қойылымда Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деп ат береді. Ал осынау жамандықтарға қарсы тұрып, адалдықтың ақ туын көтерген мейірімді Рунаны Жанар Жанаманова ойнады. Режиссер кейбір оқиғаны бүгінгі жағдаймен ұштастырған, өзінше ой-шешімін ұсынған.

 

 


«Спектакльді сахналауға ұзақ уақыт дайындалдық. Актерлік құрамға алғысымды білдіремін. Қойылымды көпшілік түсіне қоймауы мүмкін. Біз қойылым арқылы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырғымыз келеді. Сондай-ақ, жасанды түсік тастаудың әсерін, қауіпін жеткізгіміз келді. Болашақ ұрпағымыздың өміріне жауапкершілікпен қарап, сүйіспеншілік танытқанын қалаймыз. Қойылымның ойлы-қырлы сәттерін көрермен түсіністікпен қарап, біздің, жазушының айтқысы келетін ойын түсінсе дейміз», – дейді режиссер Аридаш Оспанбаева.

 

Небір апаттардың бастауы – тексіздік. Айтматов өсиеті бүгін де аса өзекті екендігін ұғындық. Осындай маңызды ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған «жасанды жолмен адам әкелу» оқиғасы — бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра, мұның негізінде өмірдің шындық құбылыстары жатқаны да анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03