Алматы полициясы синтетикалық есірткі шығаратын үш зертхананың көзін жойды

Алматы полициясы синтетикалық есірткі шығаратын үш зертхананың көзін жойды Сурет: Narcology.clinic

Бүгінгі күні синтетикалық есірткілер мен оларды өндіруге арналған зертханалар - әлемдік мәселелердің бірі.


Есірткі сатылатын 260 сайттың бұғатталуына Алматы полициясы бастамашы болды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Алматы қалалық полиция департаменті есірткінің жаңа түрлерінің, оның ішінде синтетикалық есірткілердің шығу тегі айналымының жолын кесу тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар кешенін қабылдауда.


2021 жылдың алты айында қалада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сату фактісі бойынша 21 іс-шара жүзеге асырылды, синтетикалық есірткіні сақтаудың 66 фактісі анықталды, алты келіден астам «синтетика» тәркіленді.



«Ұзақ мерзімді іс-шараның нәтижесінде біз синтетикалық есірткілерді шығаратын үш зертхананы жойдық. Жалпы, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар жаңа форматтарға ие болды. Өзекті мәселелердің бірі – синтетикалық есірткіні контактісіз әдіс, Интернет арқылы, электронды төлемдер арқылы тарату тенденциясы. Қылмыстың бұл түрін, әдетте, жалғыз адам емес, арнайы тағайындалған міндеттері бар топ жасайды. Осылайша, біз қылмыстың ұйымдасқан түрімен айналысамыз», – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.



Спикер жақында полицияның синтетикалық есірткі өндірісі мен сатылым фактісі бойынша іс-шараны жүзеге асырғанын атап өтті. Нәтижесінде сегіз айыпталушы қамауға алынды. Өндірілген есірткілер контактісіз әдіс (құпия орындар) интернет-дүкен арқылы сатылды, қаражат банктік аударымдар жүйесі арқылы алынды.



«Жыл басынан бері ПД ЕҚКБ қала аумағындағы аймақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен бірге 1 604-тен астам граффити-жазуларды анықтады және бояу арқылы жойды, олардың құрамында есірткі заттарының таралуы туралы ақпарат бар. Сонымен қатар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды заңсыз жарнамалаудың бес фактісі анықталды. Сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары және интернет желілерін бақылаудың арқасында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ЕҚКБ қызметкерлері 260 сайтты, оның ішінде мессенджерлерді, блогтарды, әлеуметтік желілерді, есірткі және психотроптық заттарды тарату туралы заңсыз ақпараттарды анықтады. Осы сайттарды бұғаттау туралы ақпарат ҚР ІІМ-не жіберілді», – деді Алмағамбетов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09

15:04

14:57

14:42

14:36

14:07

14:05

13:12

13:04