Балалар бабалар сөзін зерделеді

Балалар бабалар сөзін зерделеді Almaty-akshamy.kz. 

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің «Атадан жеткен асыл сөз» жобасы аясында «Бабалар сөзімен» музейлік сабағы өтті. Сабаққа Б.Момышұлы атындағы №131 мектептің 6 а, б сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Оқушыларға Әйтеке бидің нақыл сөздері, би-шешендердің тарих сахнасына шыққан дәуірі, Салқам Жәңгірдің ұлы Тәуке ханның тұсында болған оқиғалар мен «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы танымдық ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, этнографиялық залдың Қазақ хандығы экспозициясындағы жәдігерлер таныстырылды.

Сабақ соңында Әйтеке бидің нақыл сөздері оқылып, мақал-мәтелдер құрастырылып, «Би» деген кім және оның бойында қандай қасиеттер болу керек деген сауалға жекелеген сөздерден сөйлем құрастыру арқылы жауап берді.

– Сабақтың мақсаты – қазақтың атақты билері бүгінгі ұрпаққа шешендік сөздерімен, әділетті шешімдерімен ғана емес, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа бастайтын өнегелі өмірімен, биік парасатымен де қымбат тұлғалар екенін ұғындыру, – дейді дәріс жетекшісі Ақмарал Қалдарбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:23

19:14

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37