Қоғамдық орында бейәдеп сөйлеген әйел қамауға алынды

Қоғамдық орында бейәдеп сөйлеген әйел қамауға алынды Сурет: Kazislam.kz

ШҚО-да ауыл тұрғыны ауруханада боқтағаны үшін жауапқа тартылды.




Ауыл тұрғыны Шемонаиха аудандық ауруханасына аяғынан жарақат алып жүгінген. Қабылдау бөлмесіне жеткізілген әйел басқа науқастармен бірге тексеруге кезек күткен. Күтуге шыдамы жетпеген тұрғын қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салынған сөздерді қолданып, наразылығын білдіріпті. Аурухана қызметкерлері полицияға жүгінуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.


Әйелге қарсы әкімшілік іс қаралған Шемонаиха аудандық сотында тұрғынның қоғамдық орындағы балағат сөз үшін бұған дейін де жауапқа тартылғаны анықталды. Сот оған үш тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.


Еске салайық, 6 наурыздан бастап Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске балағат сөздер айтқаны үшін жазаны күшейтетін түзетулер күшіне енді. Бұдан былай қоғамдық орындарда боқтағандар 69 мың теңге айыппұл (бұрын 17 250 теңге болған) арқалайды немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады. Мұндай нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына енгізілген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Соңғы жаңалықтар


16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14

04:35

15:15

15:02

14:12