ХӘОТ санаттағы балалар ОМжС-ғы аттракциондарды тегін пайданалады

ХӘОТ санаттағы балалар ОМжС-ғы  аттракциондарды тегін пайданалады traveloo.ru

Жазғы каникул кезеңінде Алматы қаласы әкімдігі ХӘОТ санатындағы балаларға арналған Орталық мәдениет және демалыс саябағында аттракциондарын тегін пайдалану мәселесін пысықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Тиісті ұсынысты саябақ әкімшілігі қолдады. Сонымен, саябақта аттракциондарға тегін карточкалар беру туралы шешім қабылданды. Бұл акция Алматы тұрғындары үшін қолжетімді.



Анықтама: осы акциямен ХӘОТ (халықтың әлеуметтік осал топтары) санатындағы 22 мың баланы қамту жоспарлануда.


Бұл карталар кез-келген аттракциондар мен карусельдерге, соның ішінде барлығының сүйікті «Цепочка», «Колесо обозрения» және катамаранмен жүруге мүмкіндік береді. Аттракциондарды тегін пайдалану 15 шілдеден бастап қол жетімді болады.



Карточкаларды алу үшін «Алтын Тараз» ЖШС кеңсесіне Гоголь көшесі, 1 мекенжайы бойынша (ОМжС аумағында) хабарласу қажет. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі немесе электронды түрде) болуы міндетті. Анықтама телефоны: +7 (705) 892-75-24.


Сонымен қатар, балаларға қоғамдық бірлестіктердің (мүгедектер үйлері, саңыраулар қоғамдары, балалар үйлері, мектеп-интернаттар және т.б.) өтінімдері бойынша аттракциондарға тегін бару құқығы беріледі.


Сондай-ақ, саябақта тегін нысандар бар: футбол алаңы, баскетбол алаңы, коньки паркі, роллердром, үстел теннисі алаңы. Жаз мезгілінде әр сенбі және жексенбі күндері балалар қалашығының сахнасында балаларға арналған екі сағаттық тегін шоу бағдарламалары болады. Саябақ әкімшілігі барлық іс-шараларды өткізуге кететін шығындарды өз мойнына алды.


            


          


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0

Соңғы жаңалықтар


16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14

04:35

15:15

15:02

14:12