Қазақстанның бірінші ракеткасы Санкт-Петербург турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Санкт-Петербург турнирін жеңіспен бастады Сурет: Egemen.kz

Елена Рыбакина WTA 500 турнирін жеңіспен бастады


Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған ресейлік Варвара Грачевамен кездесті.


Бірінші партияда екі брейк жасаған қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте алғаш геймін В.Грачева алғанымен, одан кейін Е.Рыбакина дес бермеді - 6:1.


Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 5 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 42-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен таласады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25