Қазақстандық дәрігердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың оңтайлы тетігі ұсынылды

Қазақстандық дәрігердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың оңтайлы тетігі ұсынылды Сурет: Ohranatruda.ru

Мамандар бейімделген нарықтық сақтандыру моделін қолдану ұсынылатынын айтты. 


Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың оңтайлы тетігі ретінде шетел тәжірибесі пысықталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Министрлік медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың түрлі модельдеріне талдау жүргізді. Халықаралық тәжірибеде медицина қызметкерлерін қорғау үшін қорлар мен қауымдастықтар (Швеция, Канада, Дания) құру, сондай-ақ жеке нарықтар (АҚШ, Германия, Жапония, Түркия) арқылы кәсіптік жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесі қолданылады», - деді Ажар Ғиният Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде.



Оның айтуынша, жоғарыда айтылған халықаралық тәжірибенің негізінде медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың оңтайлы тетігі ретінде Швеция, Канада, АҚШ, Жапония және Түркия модельдері бойынша бейімделген нарықтық сақтандыру моделін қолдану ұсынылады.


Сонымен қатар ол 2017 жылы министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Дербес кепілдік беру қорын құру аясында ынтымақтастық қағидаты бойынша сақтандырудың әлеуметтік моделін ұсынғанын еске салды (жарна мөлшерін медициналық ұйым - 50%, медицина қызметкері - 50% деп бөлу). Алайда заң жобасы қолдау таппай, қабылданған жоқ.



«Халықаралық тәжірибені талдаудың негізінде, сондай-ақ жұртшылықтың, мемлекеттік органдардың және сақтандыру компанияларының қатысуымен жүргізілген талқылаулардың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған сақтандыру компаниялары арқылы медицина қызметкерлері кәсіптік жауапкершілігінің жүктелген сақтандыру моделі қабылданды. Жұмыс беруші - медициналық ұйым сақтанушы болады. Ал медицина қызметкерлерін лицензиялауды енгізу болашақта медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жауапкершілігін бөлуге мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы.



Оның сөзіне қарағанда, осы модельге сәйкес, шағымды қарауды медициналық ұйым медиация элементтерін қолданып, сондай-ақ бейінді медициналық қауымдастықтарды тарта отырып, ішкі аудит қызметінің деңгейінде жүзеге асыратын болады. Бұл кезеңде мәселе медициналық ұйымның өзінде реттелуі мүмкін.



«Пациент қызметтің шешімімен келіспеген жағдайда, шағым сараптамалық қорытынды беру үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне тапсырылатын болады. Оң нәтиже шығарылған жағдайда, шағым бойынша материалдар, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына берілетін болады», - деді Ажар Ғиният.


«Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған жағдайлар бойынша сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және шешіммен қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде, төлем жүргізілмейді», - деді министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17