Қазақстанда әскери қызметшілерге еңбекақы төлеудің жүйелі тəсілдері әзірленіп жатыр

Қазақстанда әскери қызметшілерге еңбекақы төлеудің жүйелі тəсілдері әзірленіп жатыр Сурет: Almaty.tv

Еңбекақы төлеудің жүйелі тəсілдерін дайындау бойынша жұмыс жүргізіп келеді.


Əскери қызметшілерге еңбекақы төлеудің жүйелі тəсілдері әзірленіп жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Үкімет Қарулы Күштердің сержанттар мен қатардағы жауынгерлер құрамы əскери қызметшілері лауазымдарының тарифтік санаттарын оларды Қарулы Күштер мекемелерінің штаттарына тиісті өзгерістер енгізе отырып, үш разрядқа арттыру жолымен көтеру мəселесін пысықтап жатыр. Одан басқа, Үкімет мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесімен ұқсас факторлық-балдық шəкіл қағидаттарын енгізу бөлігінде арнаулы жəне құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілеріне еңбекақы төлеудің жүйелі тəсілдерін дайындау бойынша жұмыс жүргізіп келеді», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.



Сонымен қатар, Үкімет басшысы әскери және азаматтық дәрігерлердің жалақысын теңестіруге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталады.



«Әскери дəрігерлер мен азаматтық денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудегі теңгерімсіздікті болдырмау мақсатында Үкімет əскери дəрігерлердің ақшалай үлесін азаматтық медициналық мекемелер қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін арттыру мəселесін пысықтап жатыр», - деді Премьер-Министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30