Қазақстан мен Әзірбайжан арасында транзиттік-көліктік әлеует дамиды

Қазақстан мен Әзірбайжан арасында транзиттік-көліктік әлеует дамиды Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстан мен Әзіһербайжан транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға ниетті.


Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндіктері кеңінен қолданылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қос тараптың ведомство өкілдері ағымдағы жылғы жүк тасымалы көлемінің болжамдарын, теміржол учаскелері мен Каспий теңізінің өткізу қабілетін, сондай-ақ қосымша ағындарды қайта бағдарлау шарттарын талқылады.


Атап айтқанда, қазақстандық экспорттаушылар Транскаспий көлік дәлізі арқылы 2 млн тонна отандық өнімді жөнелтуге дайын. Сондай-ақ Қазақстан тарапы әзірбайжандық әріптестеріне халықаралық бағыт бойынша автокөлікпен жүк тасымалын бірлесіп дамытуды ұсынды. Сонымен қатар тараптар бірлескен кәсіпорын құру арқылы тарифтерді белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT шешімдерді қолдануға және транзиттік жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ Қазақстан мен Әзірбайжан екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыруға дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12