Горельниктегі алаң жаңартылды

Горельниктегі алаң жаңартылды Суреттерді түсірген: Қайрат Қонысбай

Медеу шатқалынан жоғары Горельниктегі табиғи ыстық су шығатын бастаудың жаңарған әрі кеңейтілген алаңы қолданысқа берілді. Жөндеу жұмыстары кәсіпкер Сергей Спицынның өз қаражаты есебінен жүргізілді.


Айта кеткен жөн, Горельник алаңындағы абаттандыру жұмыстары алғаш рет 2016 жылы меценат С.Спицынның өз қаражаты есебінен жүргізілген болатын. Нәтижесінде су рәсімдері, демалу және спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдайлар жасалды.



Бүгін жаңарған алаңның іске қосылуына орай оның ашылу салтанаты өтті. Іс-шарағаАлматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді, кәсіпкер, экоактивист Сергей Спицын, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Алмас Аттапханов және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.




- Ыстық су шығатын бастаудың құбырларын, суға түсуге арналған бөшкелерді және спорт алаңын жаңарттық. Бұрыңғыға қарағанда спорт алаңы үш есе үлкейді. Адамдарға жайлы демалыс орындарын жасап, ыңғайлылық үшін көптеген жерді жасанды шөппен жаптық. Барлық алматылықтарды мұнда келіп спортпен айналысуға, суға түсіп денсаулықтарын күшейтуге шақырамын. Бәрі тегін. Тек бір өтінерім – жаңартылған аймақты аялап ұстайық, – деді Сергей Спицын.




Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері С.Спицынға азаматтық белсенділік танытып, қала көркейтуге үлес қосқаны үшін алғыс айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59