Бүгін бірқатар аймақта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады

Бүгін бірқатар аймақта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады Сурет: Baribar.kz

30 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен күн райының құбылмалы сипаты күтіледі – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.Тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады.  Almaty-akshamy.kz бұл туралы Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.









Астана қаласында: көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: 4-6 градус аяз, күндіз: 2-4 градус жылы.


Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. 3-8 м/с екпінмен жел соғады. Ауа температурасы түнде: 4-6, күндіз: 13-15 градус жылы.


Шымкент қаласында: көшпелі бұлтты, жаңбыр, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Батыстан 8-13 м/с күшпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +6+8, күндіз: +10+12 градус жылы.








Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09