Филиппинде тайфун құрбандарының саны 169-ға жетті

Филиппинде тайфун құрбандарының саны 169-ға жетті Cурет: Inform.kz

Тайфунның эпицентрі Биндинь провинциясына қарай жылжуда


Филиппиндегі Тынық мұхитындағы «Рай» тайфуны салдарынан құрбан болғандардың саны 169-ға жетті. Кем дегенде 107 адам жараланды, тағы 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.


Биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың ең көп саны Орталық Висайя аймағында – 129 адам, Батыс Висайя аймағында – 22, Карага аймағында – 10, Солтүстік Минданаода – жеті, Замбоанга түбегінде тағы бір адам тіркелген.


Бұған дейін France-Presse агенттігі табиғи апат салдарынан 108 адамның опат болғанын хабарлаған.


Филиппиннің Шығыс Висайя аймағының билігі тайфунның жақындауына байланысты 82 мыңнан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Тұрғындар Оңтүстік Лейте, Лейте, Самар, Шығыс Самар, Солтүстік Самар және Билиран провинцияларындағы 274 эвакуациялық орталыққа көшірілді.


Вьетнамның Гидрометеорологиялық болжау ұлттық орталығының мәліметінше, тайфунның эпицентрі Вьетнамның Биндинь провинциясына қарай жылжуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12