Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алма Сити» тұрғын үй кешенін жылыту жүйесіне қосу бойынша түсініктеме берді

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алма Сити» тұрғын үй кешенін жылыту жүйесіне қосу  бойынша түсініктеме берді Сурет: Homsters.kz

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы Наурызбай ауданы Е5 «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің 28 үйін жылыту жүйесіне қосу мәселесі бойынша түсініктеме берді.


Қазіргі таңда «Алма Сити» Е5 тұрғын үй кешені пайдалануға берілмеген және қала балансында емес. Сонымен қатар тұрғын үй кешені бойынша коммуналдық кәсіпорындар қол қоюға тиіс нысанның дайындығы туралы декларация жоқ.


 Тұрғындарды пайдалануға берілмеген үйге орналастыру үшін «Qazaq Stroy» ЖШС құрылыс салушы компаниясы жауапты. «Qazaq Stroy» мәселені шешіп, үйлерді орталық жылумен тезірек жабдықтауға қосу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құрылыс салушы өз міндеттемелерін орындау бойынша кепілхат ұсынды.


Сонымен қатар барлық техникалық құжаттаманы алған соң «Алматы жылу желілері» ЖШС қызметкерлері тұрғын үйлерді тұрақты жылумен жабдықтауға қосу мүмкіндігін бағалау үшін қайтадан тексереді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет