Енді орман өртін ерте анықтау мүмкіндігі бар

Енді орман өртін ерте анықтау мүмкіндігі бар Сурет: Самат Құсайынов

Ерекше аумақтарды өрттен сақтау, қорғау жұмыстарына 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлу және өртті бақылайтын 102 мұнара салу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.





«Халық жиі көтеретін және Үкіметке тікелей жолданған өтініштердің мәселе – экология. Аймақтар бойынша экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бұл дегеніміз өндірісті жаңғырту, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктерді газға көшіру, қалаларды көгалдандыру, талайдан бері ластанып жатқан жерлерді тазалау сияқты шараларды қамтиды», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс отырысында.




Оның айтуынша, азаматтық қорғаныс саласында 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. 




«Ұлытау облысының экологиялық ахуалын зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Ауадан, топырақ пен судан сынама алынып, тексерілуде. Оған қоса аймақтың радиациялық ахуалына бағалау жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаныс саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнату көзделген. Осы мақсатқа 2027 жылға дейін 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлу және өртті бақылайтын 102 мұнара салу жоспарлануда», -дейді ол.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0