Қайтқан жерде де қайыр бар...

Қайтқан жерде де қайыр бар... Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді.


Заңнамалық актілерге жайылымдарды тиімді пайдалануға қатысты өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Былтырдан бері мемлекетке 8,5 млн га астам жер қайтарылған, оның 2,8 млн гектары пайдалануға берілді.


Оның айтуынша, пайдаланылмай бос жатқан немесе бір кезде заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде жайылымдарды қайтару үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.



"2022 жылдың басынан бері 8,5 млн гектардан астам жер қайтарылды, оның 2,8 млн гектары қазірдің өзінде елдің игілігіне берілді. Қайтарылған жердің көбі халыққа мал жаю үшін беріліп жатыр", - деді Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында.



Вице-премьер заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәселесі бойынша өзгерістер енгізу үшін депутаттардың бастамасымен ауқымды жұмыс жасалып жатқанын атап өтті.


Бұл өзгерістер жайылымдарды басқа жер түрлеріне ауыстыруға тыйым салу, оларды мал жаю үшін резервке қою, жайылымдық жерлерді алу нормативтерін ұлғайту және басқа да нормалар арқылы жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09