Еліміздің өңірлеріндегі университтерге «ұлттық» мәртебесін беру ұсынылды

Еліміздің өңірлеріндегі университтерге «ұлттық» мәртебесін беру ұсынылды Сурет: Egemen.kz

Елордадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде республикалық ректорлар кеңесінің отырысы өтті.


Онда ЕҰУ ректоры университеттердің мәртебесіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Отандық ЖОО-ның құрылымын өзгерту - өзекті мәселенің бірі. Санаулы жоғары оқу орнындарына, сонымен қатар мәдениет, ғылым және өнер ұйымдарына «ұлттық» мәртебесін енгізу принциптері де маңызды. Бізде тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ғана бірнеше университетке ұлттық мәртебесі берілген. Сонда басқа өңірлердегі ЖОО ұлтқа қызмет етіп жатқан па? Осы орайда бірқатар өңірлік жоғары оқу орындарына «ұлттық» мәртебесін беруді ұсынамын», - деді Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ректоры Ерлан Сыдықов републикалық ректорлар кеңесінің отырысында.



Оның айтуынша, ұлттық мәртебеге ие өңірлік университеттердің саны жеткілікті.



«Аталған мәртебе өңірлерде жоғары білім берудің жаңа локомативтерін қалыптастыруға қарқын береді. Бұл бүкіл жоғары білім берудің мүддесіне сай деп ойлаймын. Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасындағы басты принциптердің бірі. Яғни мықты орталық, мықты өңір», - дейді ол.



Бұған дейін университет басшысы Қазақстанда 5 қыркүйекті Студенттер күні етіп бекіту идеясын ұсынған еді.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51