Елімізде жыл сайын 300-ге жуық адам ажалын судан табады

Елімізде жыл сайын 300-ге жуық адам ажалын судан табады Сурет: Kazpravda.kz

Қайғылы жағдайлар адамдарға сонда да сабақ болмай тұр.


Абайсызда суға кететіндердің 100-ге жуығы - өрімдей балалар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өкінішке қарай, бұл қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Биыл, жыл басынан бері 45 адамның ажалы судан болған. Олардың 14-і - кәмелетке толмағандар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, қайғылы жағдайлардың көбі арнайы жабдықталмаған жағажайларда болады. Әрі балаларды қараусыз қалдыру, мас күйінде шомылу да оқыс оқиғаға себеп болып отыр. Ведомство мәліметінше, маусымның бес күнінің өзінде 17 адам суға батып кеткен. 



«Бұл - шынымен де алаңдатарлық жағдай. Қазір шомылу маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірлерде шомылуға қажетті арнайы орындар жабдықталып, жаңа жағажайлар салынып жатыр. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Соған қарамастан, судағы қайғылы жағдайлар азаймай отыр. Өкінішке қарай, елімізде жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, қайтыс болады. Оның 100-ге жуығы - балалар. Бұл қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді», - дейді ҚР Премьер-Министрі Әлихан  Смайылов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46