Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы Cурет: Egemen.kz

Елдің басым бөлігінде қар жауады, жел күшейеді


«Қазгидромет» РМК 31 қаңтар күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР басым бөлігінде атмосфералық ағындардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады, көбінесе қар жауады, жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз. 


Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. 


Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 


Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. 


Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі, ал батысы мен солтүстігінде тұман түсуі болжануда. 


Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, күндіз батысында желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 


Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. 


Түнде Алматы облысының шығысында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12