Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады

Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады Almaty-akshamy.kz

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 2 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауа райы жауын-шашынсыз болады.


Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жауын жауады. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында екпінді жел соғады, күндіз орталықта бұршақ жауады.


Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-2 градус үсік жүреді.


Түркістан, Орталық, Шығыс, Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.


Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12