Былтыр 9 мыңнан астам мал ұрланыпты

Былтыр 9 мыңнан астам мал ұрланыпты mvdmedia.ru


Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары Самат Құсетов дәстүрлі брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 



Ішкі істер органдарының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – ұрлыққа қарсы күрес, қылмыстың жалпы құрылымында олардың үлесі шамамен 44 пайызды құрайды. Дәл осы қылмыстар, тіпті аз зиян болса да, иелеріне айтарлықтай материалдық және моральдық шығын келтіреді, азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру деңгейіне теріс әсер етеді, - деді Құсетов. 



Ол былтыр мал ұрлығы бойынша жасалған қылмыстарды тізіп берді. 



2021 жылдың қорытындысы бойынша, 920-дан астам мал ұрлығы, оның ішінде 121 қылмыстық топ ұсталды. Ұрланған 9 мың (9084) бас  ірі қараның 5 мыңға жуығы немесе 56 пайызы, яғни жартысынан астамы табылып, қайтарылды. Мәселен, Қарағанды ​​облысында өткен жылдың ақпан айында мал ұрылар тобының қылмыстық әрекеті әшкереленген. Олар 50-ден астам жылқы мен 4 мал ұрлығын жасаған, - деді ол. 





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51