Биылдан бастап мұғалімдер портфолио жинамайды

Биылдан бастап мұғалімдер портфолио жинамайды Сурет: Bilimdinews.kz

Мұғалімдерді аттестаттау, портфолио жинау мәселесі қайта қаралады.


Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Биылдан бастап мұғалімдер бірінші кезекте өзінің санатын дәлелдеу үшін ешқандай портфолио жинаумен айналыспайтын болады. Өйткені бұл да - жемқорлыққа итермелейтін дүниелер. Ананың туыстары барып жалған сертификат алып алады екен, мынаның туыстары барып орден, медаль барып алады екен. Сөйтіп, ақша төлеп оларды жинайды. Ал ол ешкімге керек емес. Негізі аттестация - мұғалімнің жетістігі емес, мұғалімнің табысы оқушының жетістігі арқылы бағалануы керек. Екіншіден, мұғалім қалай серитификат аламын демей, оқушының білімімен айналысуы керек. Ал министрлік оқушысы жетістікке жеткен мұғалімдерді сырттай бақылау арқылы автоматты түрде оның категориясын өзіміз әкеп беруіміз керек», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев.



Бұған дейін Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары  және Оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Оған ағарту саласының барлық мамандары қатысты.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07