Биыл елімізде қандай аурулар тіркелмеді?

Биыл елімізде қандай аурулар тіркелмеді? Сурет: Inform.kz

Елімізде қызылша ауруын жұқтыру деректері өсті.


Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Биылғы 7 айында республика тұрғындары арасында 25 нозология, оның ішінде тырысқақ, оба, паратифтер, іш сүзегі, туляремия, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, құтырма, безгек, висцеральды лейшманиоз, пастереллез аурулары тіркелген жоқ. Былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 39 инфекциялық ауру, оның ішінде ботулизм 45 пайызға, ротавирустық энтерит 25 пайызға, қышыма 9 пайызға, сальмонеллез 12 пайызға, туберкулез 6 пайызға төмендеді», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, қызылша ауруын жұқтыру деректері өсті, қазіргі кезде қызылшаның 3 037 жағдайы тіркелді.



«Қазақстан аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары: оба, туляремия, күйдіргі ауруының, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба және басқалар орналасқан. Жазғы кезеңде кенелердің кеңінен таралуына қарай ауру фактілері өседі. Еліміздің 4 өңірінің, яғни Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбаның табиғи ошақтары бар. Жыл сайын өңірлердің әкімдіктері мен Санитариялық-эпидемиологиялық аумақтық департаменттері көктемде аурудың таралуына жол бермеу мақсатында табиғи ошақтарда кенеге қарсы іс-шаралар ұйымдастырады», - деді вице-министр.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12