Австралияда коронавирус ушығып барады

Австралияда коронавирус ушығып барады lvn.kz

Сейсенбі күні Австралияда коронавирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Халық тығыз қоныстанған Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 23 131 науқас, ал Виктория штатында 14 020 науқас анықталды. Жалпы бүкіл ел аумағында бір күнде ауру жұқтыру көрсеткіші 50 мыңнан асып кетті.


Елде індеттің өршуі денсаулық сақтау жүйесіне үлкен ауыртпалық түсіріп отыр. Австралияның үш өңірінде тестілеу орталықтары жабылып жатыр. Виктория штатында осындай 54 мекеме жұмысын тоқтатты. Бұған мамандардың жетіспеуі немесе зертханаларда жұмыстың тым көбейіп кетуі себеп болған.


Мамандар күні-түні және демалыссыз жұмыс істеп келді. Зертханаларда өңделмеген сараптама толып кетті. Ірі қалаларда жұрт тестілеуден өту үшін түнде ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12