«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына бөлінген қаржыны қай облыстар игере алмай келеді?

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына бөлінген қаржыны қай облыстар игере алмай келеді? Сурет: Baq.kz

Премьер-Министр қаржыны игере алмай отырған облыс әкімдерін сынға алды.


Елдімекендерді көркейтуі тиіс жоба қалай іске асып жатқаны Үкіметте қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 «Ауыл - ел бесігі» жобасына соңғы 3 жылда 326 миллиард теңге бөлінген. Бұл ақшаға су тартып, жол салу секілді 3,5 мыңнан астам жоба жүзеге асты. Биыл да 800 ауылды көркейту үшін қомақты қаржы бөлінген. Десе де кейбір өңір әкімдіктері сол қолда бар ақшаны уақытында игере алмай отыр.



«Бөлінген қаржыны игеру серпіні Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жақсы. Алайда Алматы және Ұлытау облыстарында деңгей төмен. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы объектілерді енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкеледі», - дейді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов. 



Мәселен, әкімдіктер істі созбалаңға салған соң Ұлытау облысында 4 ауылға қарасты аурухана әлі күнге дейін салынып бітпеген. Ал Солтүстік Қазақстандағы Мүсірепов ауданында небары 53 шақырым жолдың құрылысы былтыр аяқталуы керек еді. Алайда жұмыстың жартысы әлі аяқталған жоқ.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12