Атырауда құрылысшылар тұрып жатқан вагондар өртенді

Атырауда құрылысшылар тұрып жатқан вагондар өртенді Cурет: Ашық дереккөз

Зардап шеккендер жоқ


Атырауда құрылысшылар тұрып жатқан екі вагон өртенді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кеше, 28 қаңтарда түнгі сағат 23:37-де Атырау қаласының «Береке» шағынауданындағы тұрғын үйдің жанында тұрған екі вагон-контейнер өртенген.
Бір-біріне жапсарлас қойылған вагон-контейнерлерде құрылысшылар тұрған. Өрт электр пешінің қараусыз қалуынан тұтанған. Вагон-контейнерлерде газ баллондары болған.



«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер вагон-контейнерлердің ішінен 55 литрлік екі газ баллонын алып шықты. Сөйтіп, газ жарылысының алдын алды. Жалын бүгін, 29 қарашада сағат 00:20-да оқшауландырылып, сағат 00:21-де толық сөндірілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.



Өрт сөндіруге департаменттің 11 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді шарпыған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40