Алматының жаяу жүргіншілері мен автокөлік иелерін жолда абай болуға шақырады

Алматының жаяу жүргіншілері мен автокөлік иелерін жолда абай болуға шақырады Сурет: Inform.kz

Қыстай жаумаған қар қолайсыздық тудыруда


Алматыда бүгіннен бастап жауған қар 10 ақпанға дейін жауады. Түнде ауа температурасы -4...-6 градус болады. Тұман, жолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.


Көктайғақтың алдын алу мақсатында күндізгі кезеңде 624 бірлік арнайы техника, оның ішінде 204 құмшашқыш және 1538 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Түнгі уақытта кезекшілік ұйымдастырылды, оған 519 бірлік арнайы техника, оның ішінде 205 құм шашқыштар және 339 жол жұмысшылары жұмылдырылады.


Жолдың жүру бөлігінде, тротуарларда мұз қатуы болжамына орай көктайғақ пайда болуы мүмкін. Сондықтан Тұрғын үй саясаты басқармасы автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды өтінеді.



«Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасында қашықтықты арттырмауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес берілді. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүрген кезде көктайғаққа қатысты қауіпсіздік шараларын сақтағаны жөн», - делінген басқарма хабарламасында. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41