Алматының Түрксіб ауданында 17 көше жөнделді

Алматының Түрксіб ауданында 17 көше жөнделді 12-kanal.ru

Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әкімдік өкілінің хабарлауынша, ауданда ұзындығы 482 км болатын 486 көше бар. 439 көшеге асфальтталған немесе 90%-ын құрайды.



«Қазірде ұзындығы 10,2 км болатын 17 көшені орташа жөндеу бойынша жол жұмыстары аяқталды. Бұл Л. Толстой, Сауранбаев, Ержанов көшесінің қиылысы, Тынышбав көшесінің қиылысы және басқалары. "Әлмерек" және "Қайрат" шағынаудандарында инженерлік желілер құрылысы аяқталғаннан кейін тағы 30 көше жөнделетін болады», – деп хабарлады әкімнің орынбасары.



Сонымен қатар, Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы ауданның 7 учаскесі бойынша 9,5 км жаяу жүргіншілер жолы жөнделді (Наманган, Дөнентаев, Лавренев, Майлин, Ақан Сері, Папанин, Ахметов), қазіргі уақытта Сейфуллин даңғылының 2 км-інде жұмыстар жүргізілуде.



«Биылғы жылы Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшелерінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы аяқталады. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салуға ЖСҚ әзірленді: «Парасат» ТК жанында Рысқұлов даңғылымен және теміржол жолдары арқылы Ержанов көшесімен. Сараптаманы алу мерзімі: ағымдағы жылдың қыркүйек және желтоқсан айлары», – деп жалғастырды Н. Лебаев.



Сонымен қатар, Хмельницкий көшесі "Қайрат" шағынауданынан Құлжа трактісіне дейін ұзарту бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.


Наиль Лебаев көшелерді жарықтандыру сұрақтарына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылы 614 учаскеде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген, 8463 кронштейн және шам орнатылған. Жыл соңына дейін ауданның ішінара жарықтандырылған жүзден аса көшесін қосымша жарықтандыру жоспарлануда.


Лавренев көшесі, ұзындығы 8 км болатын Құлжа трактісі бойынша сыртқы жарықтандыру желілерін модернизациялау бойынша жұмыстар аяқталды. Шолохов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін Ақан сері көшесінде жұмыстары жалғасуда. Жоспарланған аяқтау мерзімі – 2022 жылдың үшінші тоқсаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет