Түрксіб ауданының "Қайрат" шағынауданында 1500 орындық мектеп салынады

Түрксіб ауданының "Қайрат" шағынауданында 1500 орындық мектеп салынады seyminfo.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев ауданда қанша мектеп пен балабақша салуға болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Спикердің айтуынша, бүгінде ауданда 30 мектеп бар, олардың үшеуі ғана жеке меншікте. Барлық мектептерде 33 389 оқушы білім алады. Оқушы орындарының тапшылығы 1540 орынды құрайды.



«Оны төмендету үшін "Қайрат" шағынауданында 1500 орынды жалпы білім беретін мектеп және Волочаевская көшесі, 357 мекенжайында 300 орындық жеке мектеп ашу жоспарлануда. Осы жылдың үшінші тоқсанында Сауранбаев көшесіндегі қолданыстағы нысанды бұза отырып, №59 мектеп-гимназиясының жаңа ғимаратының құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, "Әлмерек"және "Жас Қанат" шағынаудандарында 1050 орындық №195 және №198 жалпы білім беретін мектептерге қосалқы ғимарат салуға ЖСҚ әзірлеу жоспарланған", - деп хабарлады ӨКҚ спикері.



Сондай-ақ, Боралдай көшесі, 44 мекенжайындағы №50 жалпы білім беретін мектептің сейсмотұрақтылығын күшейту және Сельскохозяйственная көшесі, 21 мекенжайындағы №83 гимназия ғимаратының филиалын күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеуін күтуде.


Сонымен қатар, Н. Лебаев 2022 жылы 342 орынға арналған 6 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылғанын хабарлады. Сондай-ақ, "Жас Қанат-2" шағынауданында 260 орынды мемлекеттік балабақша және Огарев көшесі, 2 мекенжайында орналасқан 190 орынды балабақша құрылысына ЖСҚ әзірленуде.


Осы жылдың мамыр айында №70 санаторлық бөбекжайда күрделі жөндеу мен сейсмикалық нығайту жұмыстары басталды. Күзде "Әлмерек" шағынауданында 320 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ әзірлеуге байқау жариялау жоспарлануда.


Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламалары және материалдарымен бөлісу кезінде ӨКҚ-ға сілтеме жасау міндетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09