Алматыдағы үйлердің 73%-ы басқарудың жаңа түріне ауысты

Алматыдағы үйлердің 73%-ы басқарудың жаңа түріне ауысты novostroyki-almaty.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев бүгінде 5175 көп пәтерлі тұрғын үйді қамтитын 4810 жаңа басқару нысаны 1118 МИБ тіркеліп, 3692 ЖС іріктеуден өткенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Қырықбаевтың хабарлауынша, қалада 8879-дан астам көп пәтерлі тұрғын үй бар, оларға 820-ға жуық басқару органдары (ПИК, ПИТК және т.б.) қызмет көрсетеді.



«ТКШ реформасын жүзеге асыру үшін біз қалалық Жол картасын бекіттік, 300-ге жуық онлайн-кездесу өткізілді, сондай-ақ сall-орталық аясында 4500-ге жуық тұрғынға кеңес берілді», - деді Д.Қырықбаев.



Осы реформа басталғаннан бері эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 7500-ге жуық көп пәтерлі тұрғын үйді қамтыған 3500 отырыс өткізілді.


Сондай-ақ, басқарма бірнеше рет барлық мүдделі арнайы қызметтердің қатысуымен Ашық есік күнін өткізуге бастамашылық етті, онда МИБ немесе ЖС басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша барлық қажетті түсіндірмелер мен кеңестер берілді, оның барысында 600-ге жуық тұрғын қатысты. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20