Алматыда зардап шеккен бизнеске көмек қоры ашылды

Алматыда зардап шеккен бизнеске көмек қоры ашылды Cурет: Tengrinews.kz

Күшіміз - бірлікте


Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнес өкілдеріне көмек үшін құрылған «Күшіміз Бірлікте» қорына Алматы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Максим Барышев басшылық етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 


«Атамекен» ҰКП өкілінің мәліметінше, қаржылай көмектескісі келетін әрбір адам ҰКП мен өңірлік кеңестің байланыс орталығына хабарласа алады: 
Байланыс орталығы - 8 775 126 18 39, 8 778 410 17 58.
Алматы ӨКП - 8 777 947 00 77.


Бұған дейін Алматының өңірлік кеңесі ірі кәсіпорындардан әріптестерін қолдауға және ШОБ нысандарын қалыпқа келтіруге қаржылай көмек сұраған еді.  



«Атамекен» өкілдері кәсіпкерлерден шығын көлемін фото және видеоға түсіруді сұрайды. Қор ақшасы комиссия шешімінен кейін бөлінеді. Қорды тіркеу және шот ашу бойынша мәселелер жақын арада шешіледі», - делінген хабарламада. 



Бұған дейін Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал сомасы 92 миллиард теңгеден асқаны хабарланған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20