Алматыда Республика күніне арналған «Гүлдене бер, Қазақстаным» атты патриоттық іс-шара өтеді

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Алматыда Республика күніне арналған «Гүлдене бер, Қазақстаным» атты  патриоттық іс-шара өтеді Сурет: Ашық дереккөзі

Музей кинотеатрында «Көшпенді», «Біз осында тұрамыз» фильмдерінің көрсетілімі өтеді


ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2022 жылдың 21 қазанында сағат 15.00-де Республика күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» патриоттық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Республика күні – Тәуелсіз Қазақстанның өміріндегі маңызды күн. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. Бұл күн еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы тиіс екенін атап өтті.


Іс-шараның мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасының даму және қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Іс-шара аясында келушілер назарына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған» көрмесі ұсынылады (фотосуреттер, кітаптар, марапаттар және т.б.).


Іс-шара бағдарламасында: мектеп оқушыларының «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты қойылымы, мектеп оқушыларының Республика күніне арналған өлең оқулары, слайд-шоу, «Ұлы елім менің» викторинасы, концерт, Орал Таңсықбаев атындағы Республикалық сәндік-қолданбалы өнер колледжінен дәстүрлі қолөнер түрлері, «Творим вместе» кескіндеме мектебі мен «Giraffe ar tschool» қосымша білім беру орталығынан сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сабақтар. Мерекелік күні музей кинотеатрында «Көшпенді», «Біз осында тұрамыз» фильмдерінің көрсетілімі өтеді.


«Гүлдене бер, Қазақстаным» патриоттық іс-шарасын өткізу өскелең ұрпақты адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге және шығармашылық тұрғыдан дамытуға ықпал етеді. 

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение