Үкімет 2023 жылғы бюджеттегі мұнай және доллар бағасын белгіледі

Үкімет 2023 жылғы бюджеттегі мұнай және доллар бағасын белгіледі Сурет: Inform.kz

Бюджеттің кірісі 16 трлн теңге деңгейінде қалыптасады. 


ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 2023 жылғы бюджетті қалыптастыру кезінде Үкімет мұнайдың есептік бағасы мен доллардың теңгеге қатысты есептік бағамын қай деңгейде белгілеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Келер жылдағы бюджет болжамында мұнайға қатысты есепті баға барреліне 85 АҚШ долларын құрап отыр. 1 доллар үшін бағам 470 теңге шамасында белгіленген. Осы есептеулер аясында республикалық бюджеттің кірісі 16 трлн теңге деңгейінде қалыптасады», - деді А. Әмрин Сенатта заң жобасын таныстырғанан кейін өткен баспасөз мәслихатында.



Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды.


Осы орайда ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 - 2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы айтып берді.


Министрдің сөзіне қарағанда, болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастырудың негізі ретінде базалық сценарий алынды. Осы сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасы барреліне 85$ деп көрсетілген. Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсуі 3,9% болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14