Алматыда медбикелер күні тойланды

Алматыда медбикелер күні тойланды сурет: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

Медицина қызметкерлеріне төсбелгілер табыс етілді.


Алматыда медбикелер мен мейіргерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова бар ғұмырын адам денсаулығына қызмет етуге арнаған әрбір ақ халатты абзал жанға алғыс білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.




«Қазіргі уақытта медбике дәрігердің айтқанын орындап, тіркеп қана қоймай, өздігінше талдау жасап, көптеген диагнозды түсіне білуі керек. Қала әкімдігінің атынан медбикелер мен мейіргерлерге өмірімізде болатын қиын сәттердегі еңбектері мен моральдық қолдауы үшін алғыс айтамын», - деді ол құттықтауында.




Медицина қызметкерлеріне Денсаулық сақтау министрлігінің, әкімдіктің құрмет грамоталары, ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері табыс етілді.



Қала әкімдігі медициналық мамандарды дамыту мен даярлау бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Биыл медициналық колледждерге арналған гранттар саны артты.  1 млрд 464 млн теңгеге 1600 грант бөлінді. Былтыр 1032 гранттың сомасы 886 млн теңге болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0